Blockchain - болашақтың картинасы. АЕRC ғылыми төрағасы, экономист Жақсыбек Құлекеевпен сұхбат.

Blockchain - болашақтың картинасы. АЕRC ғылыми төрағасы, экономист Жақсыбек Құлекеевпен сұхбат.
Әлемдік қаржы секторында эволюция қарқыны артуда. Айырбастан басталған сауда тарихы, көрінбес электронды қаржыға ауысты. Бүгінде биткоин сөзін білмейтін адам жоқ. Оның құны да жоғары, аты да айбынды. Сатоси Накамото ойлап тапқан биткоин бүгін кей елдердің қаржылық саясатын өзгертіп жатыр. Біз Батыстық әлемде дамыған бұл қаржы түрінің елімізде де бар екенін ескере бермейміз. Әрине, Қазақстан нарығының есігін енді қағып тұрған биткоин жайлы сіз бен біз білуге міндеттіміз.
Батыста биткоинды шешуге мүмкіндік беретін банкоматтар орнатылып жатқанда, бізде ол жайлы тіпті нақты түсінік те қалыптаспады. Сонымен биткоин дегеніміз не? Қазақстандағы мүмкіндігі қандай? Даму ерекшелігі қалай өрбімек? Биткоин құнынан хабарыңыз бар ма? Биткоиннан бөлек қандай қаржы түрлері бар?
Ол туралы арнайы «Қоғамдық монитор» жобасы аясында жасалған Жақсыбек Құлекеев Ағамызбен сұхбаттан көре аласыз.