Зерттеу мақсаты:
Жеке жүк тасымалдаушылардың магистральдық теміржол желісіне (МТЖ) қол жеткізуіне байланысты өзгерістерді ескере отырып, теміржол саласын дамытудың кешенді жоспарын әзірлеу. Сонымен қатар, жеке тасымалдаушылардың нарыққа кіруінің неғұрлым маңызды салдарын анықтау және теміржол саласының нысаналы моделі мен «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның нысаналы құрылымы бойынша ұсынымдар әзірлеу.
Зерттеу міндеттері:
Теміржол саласының нысаналы моделі бойынша ұсынымдар әзірлеу;
«ҚТЖ» ҰК» АҚ ұсынған сценарийлер негізінде жеке тасымалдаушылардың локомотивтік тартқыш қызметтеріне қолжетімділігін кеңейтуге байланысты тәуекелдерді бағалау;
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның нысаналы құрылымын әзірлеу;
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның нысаналы құрылымына қол жеткізу жөніндегі іс-шараларды әзірлеу.