Жоба сипаттамасы
Қазақстан Республикасының жекелеген нарықтарында олигополия белгілерін анықтау бойынша бенчмарк-зерттеу жүргізу. Зерттеудің мақсаты – нарықтардағы бәсекелестіктің жай-күйін талдауға арналған әдістемелік құралдар жиынтығын кеңейту.
Бірігу және жұтылу мәмілесіне жеке кейс-талдау жүргізу (Орындаушыға ұсынылатын мәміле жөніндегі ішкі деректерді ескере отырып).
Зерттеу міндеттері:
Үш нарықтағы (ұялы байланыс, автокредиттеу және жанар-жағармай материалдары) бәсекелестік деңгейін талдау;
Нарықтардың шоғырлану деңгейінің негізгі көрсеткіштерге (бағаларға) әсерін эконометрикалық модельдер арқылы талдау;
2018 жылы «Қазақтелеком» АҚ мен «Кселл» АҚ арасындағы мәміле мысалында бірігу және жұтылу мәмілелерін талдау әдіснамасын әзірлеу;
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің (БҚДА) сарапшылары үшін модельдеу мәселелері бойынша оқыту воркшопын өткізу.