Зерттеу мақсаты:
Қазақстан Республикасы үй шаруашылықтарының қаржылық жағдайының банк секторының қаржылық тұрақтылығына әсер ету арналарын анықтау, сондай-ақ елдегі үй шаруашылықтарының борыштық жүктемесінің өсуіне ықпал ететін демографиялық және әлеуметтік-экономикалық факторларды айқындау.
Зерттеу міндеттері:
1. Үй шаруашылықтарының демографиялық және әлеуметтік-экономикалық сипаттамаларын пайдалана отырып, Қазақстан Республикасындағы үй шаруашылықтарының гетерогенділігі олардың борыштық міндеттемелерге қызмет көрсету қабілетіне қалай әсер ететінін бағалау;
2. Демографиялық және әлеуметтік-экономикалық сипаттамалар негізінде шамадан тыс борыштық жүктемені анықтауға мүмкіндік беретін индикаторларды айқындау;
3. Демографиялық және әлеуметтік-экономикалық сипаттамалар негізінде борыштық жүктемесі бар үй шаруашылығының әлеуметтік-экономикалық бейінін қалыптастыру;
4. Қазақстан Республикасындағы үй шаруашылықтарының табысына уақытша теріс күйзелістер әсер еткен жағдайда тұтыну шығыстарын бірқалыпты ұстап тұру үшін қолданылатын стратегияларды зерттеу.