«Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» акционерлік қоғамы («ҚТК» АҚ)

Қазақстан Республикасындағы үлестік тұрғын үй құрылысының «көлеңкелі» нарығының ауқымын талдау


Зерттеу мақсаты:

Қазақстан Республикасындағы үлестік тұрғын үй құрылысының «көлеңкелі» нарығының зерттеу жүргізілген кезеңдегі ауқымын және оның таралу тетіктерін (сатып алушыларды тарту тәсілдері, рұқсат құжаттары болмаған жағдайда қаражат тарту шарттары және т.б.) бағалау, сондай-ақ үлескерлердің қаражатын тарту тәртібіне мемлекеттік бақылауды жетілдіру бойынша ықтимал шараларды әзірлеу.


Жоба сипаттамасы:

Бастапқы кезеңде тұрғын үй сатып алушылардың құқықтық қорғалуына ерекше назар аудара отырып, Қазақстан Республикасында және шетелде үлестік тұрғын үй құрылысын ұйымдастыру модельдері мен нысандарына салыстырмалы талдау жүргізілді. Сонымен қатар, «үлестік тұрғын үй құрылысының көлеңкелі нарығы» ұғымының қолданылу аясы айқындалды.

Кейіннен «құпия сатып алушы» әдісін қолдану арқылы үлескерлердің қаражатын заңсыз тартатын жеке құрылыс салушылардың дерекқоры қалыптастырылды. Жергілікті атқарушы органдардың рұқсатын немесе «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ-ның кепілдігін алмаған құрылыс салушылардың үлескерлер қаражатын тартудың кең таралған схемаларына талдау жүргізілді.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы үлестік тұрғын үй құрылысының «көлеңкелі» нарығының үлесі эмпирикалық әдістер арқылы бағаланды.