«Қазақстанның микроқаржы ұйымдары қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі (ҚМҚҰҚ)

Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардағы гендерлік әртүрлілікті зерттеу

Зерттеу мақсаты: Гендерлік талдау жүргізу арқылы микроқаржы ұйымдары (МҚҰ) секторындағы әйелдердің рөлі мен жағдайын бағалау.


Зерттеу кезеңдері:

1. Ашық қолжетімді деректер негізінде микроқаржы ұйымдарының қызметіне талдау жүргізу;

2. Микроқаржы ұйымдарында жұмыс істейтін ерлер мен әйелдер арасындағы айырмашылықтарды ресурстардың, мүмкіндіктердің, шектеулер мен өкілеттіктердің бөлінуі тұрғысынан анықтау мақсатында нысаналы топқа (МҚҰ-да жұмыс істейтін ерлер мен әйелдерге) әлеуметтік сауалнама жүргізу. Сауалнама арнайы әзірленген сауалнама парағы негізінде өткізілді.


Зерттеу міндеттері:

1. Микроқаржы ұйымдарында әйелдердің мансаптық өсуі барысында кездесетін ең кең таралған қиындықтарды анықтау;

2. Гендерлік әртүрлілікті қолдауға бағытталған бастамаларға қатысты көзқарастарды зерделеу;

3. Микроқаржы ұйымдарындағы, оның ішінде басшылық лауазымдардағы әйелдердің үлесін арттыру перспективаларын бағалау;

4. Микроқаржы ұйымдарындағы еңбек жағдайларын жақсарту және олардың қызметінің тиімділігін арттыру бойынша қосымша шараларға сұраныстың бар-жоғын анықтау.