Зерттеу мақсаты: Қазақстан Ұлттық Банкі инфляциялық таргеттеуге көшкен сәттен бастап жүргізіп келе жатқан ақша-кредит саясатының (АКС) сәйкестігіне жан-жақты талдау жүргізуді қамтитын құжатты әзірлеу.
Зерттеу міндеттері:
1. Ақша-кредит саясатына тарихи шолу
Ақша-кредит саясатының негізгі кезеңдерін айқындау:
Қалыптасу және даму кезеңі (1993–2003 жж.);
Инфляциялық таргеттеуді енгізуге дейінгі кезең (2004–2015 жж.);
Инфляциялық таргеттеуді енгізгеннен кейінгі кезең (2015 жылдан бастап).
2–3. Инфляциялық таргеттеу енгізілгеннен кейінгі ақша-кредит саясатын талдау
Институционалдық талдау: Қазақстан Ұлттық Банкінің нормативтік құжаттарда бекітілген мақсаттары мен міндеттерін, ақша-кредит саясатының құралдарын және 2030 жылға дейінгі ақша-кредит саясатының стратегиясын талдау.
Қазіргі кезеңде ақша-кредит саясаты құралдарының негізгі көрсеткіштерге әсерін талдау. Осы жұмыс аясында тиісті есептеулер жүргізілді, оның ішінде ақша-кредит саясаты мақсаттарына қол жеткізуге әсер ететін факторларды сандық бағалау үшін эконометрикалық модельдер құрылды, сондай-ақ макроэкономикалық күйзелістерге ақша-кредит саясатының реакциялары талданды.
4. Перспективалар мен ұсынымдар
Ақша-кредит саясатының тиімділігіне әсер ететін ықтимал сын-қатерлер мен шектеулерді, оның ішінде сыртқы экономикалық тәуекелдерді, экономика құрылымын және институционалдық даму деңгейін талқылау. Ақша-кредит саясатының тиімділігін арттыруға бағытталған практикалық ұсынымдар әзірлеу.