COVID-19 пандемиясынан кейінгі кезеңде еңбек нарығында ең сұранысқа ие кәсіби дағдыларды Ұлттық біліктілік шеңберінің (ҰБШ) деңгейлері мен экономикалық қызмет түрлері бойынша бөліп айқындау мақсатында зерттеу жүргізу, сондай-ақ жұмыссыз адамдар мен халықтың әлеуметтік осал топтарының өкілдерін қоса алғанда, сұранысқа ие кәсіби дағдылар бойынша қысқа мерзімді онлайн-курстар арқылы оқыту жөнінде ұсынымдар әзірлеу
Жоба сипаттамасы:
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (ҚР ЕХӘҚМ) сұранысы бойынша COVID-19 пандемиясынан кейінгі кезеңде еңбек нарығында ең сұранысқа ие кәсіби дағдыларды анықтау, сондай-ақ жұмыссыздар мен халықтың әлеуметтік осал топтарын қоса алғанда, сұранысқа ие кәсіби дағдылар бойынша қысқа мерзімді онлайн-оқытуды ұйымдастыруға қатысты ұсынымдар әзірлеу мақсатында зерттеу жүргізілді.
Зерттеу нәтижелері кейіннен онлайн-курстарды әзірлеу және оларды «Электрондық еңбек биржасы» порталында орналастыру үшін пайдалануға бағытталды.
Зерттеу міндеттері:
1. COVID-19 пандемиясынан кейінгі кезеңде еңбек нарығында ең сұранысқа ие кәсіби дағдыларды Ұлттық біліктілік шеңберінің (ҰБШ) деңгейлері және Қазақстан Республикасының Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіндегі (ЭҚЖЖ) 19 қызмет түрі (саласы) бойынша бөліп көрсете отырып зерттеу;
1.1. Пандемиядан кейінгі кезеңде еңбек нарығына әсер ететін негізгі үрдістерді болжау, олардан туындайтын тәуекелдерді төмендету бойынша ұсынымдар әзірлеу, сондай-ақ Қазақстан экономикасын одан әрі қалпына келтіру және халықтың тұрақты жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету мақсатында ЭҚЖЖ-нің 19 саласы мен ҰБШ деңгейлері бойынша сұранысқа ие кәсіптердің тізбесін қалыптастыру;
1.2. Пандемиядан кейінгі кезеңде ЭҚЖЖ-нің 19 саласы мен ҰБШ деңгейлері бойынша ең сұранысқа ие кәсіптер шеңберінде еңбек міндеттерін орындау үшін қажетті кәсіби дағдылардың тізбесін әзірлеу. Бұл ретте жынысы бойынша бөлінген деректерді (гендерлік аспектіні) ескеру және халықтың тұрақты жұмыспен қамтылуына ықпал ететін дағдыларды айқындау;
1.3. Қысқа мерзімді онлайн-курстарды әзірлеу үшін пандемиядан кейінгі кезеңде сұранысқа ие кемінде 50 кәсіби дағдының қорытынды тізбесін ЭҚЖЖ салалары, ҰБШ деңгейлері және гендерлік аспект бойынша қалыптастыру. Дағдыларды мынадай санаттарға бөлу:
Тек онлайн форматта оқытуға және дағдыны меңгергені туралы сертификат алуға болатын дағдылар;
Қосымша офлайн практикалық оқытуды қажет ететін дағдылар;
Жұмыссыздар мен халықтың әлеуметтік осал топтарын тұрақты жұмыспен қамту үшін аса өзекті дағдылар.
2. Халыққа, оның ішінде жұмыссыздар мен әлеуметтік осал топтардың өкілдеріне арналған сұранысқа ие кәсіби дағдылар бойынша қысқа мерзімді онлайн-курстарды әзірлеу және ұсыну ерекшеліктерін зерттеу, сондай-ақ тиісті ұсынымдар әзірлеу.
Қосымша жүргізілген талдау:
AERC Еңбек ресурстарын дамыту орталығы әзірлеп, ұсынған дағдылар банкі негізінде әртүрлі кәсіптер бойынша еңбекақы деңгейіне әсер ететін факторларға талдау жүргізді.