Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы (БҰҰДБ), «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Жұмыспен қамту және әлеуметтік көмек саласындағы функциялардың орындалуына функционалдық шолу және бағалау

Зерттеу мақсаты: функциялардың қайталануын және тиімсіз орындалуын анықтау, оларды оңтайландыру, бәсекелестік ортаға беру немесе цифрландыру әлеуетін айқындау, өкілеттіктерді бөлуді оңтайландыру және институционалдық архитектураны жетілдіру жөнінде практикалық ұсынымдар әзірлеу, сондай-ақ халықты жұмыспен қамту және атаулы әлеуметтік көмек мәселелері бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру.               

Зерттеу міндеттері:

  1. Халықты жұмыспен қамту және атаулы әлеуметтік көмек көрсету саласын реттейтін заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерді талдау;

  2. Мемлекеттік реттеу жүйесін талдау;

  3. Далалық зерттеу жүргізу (қызметкерлер арасында сауалнама жүргізу және сұхбат алу, клиенттерге сауалнама жүргізу және мансап орталықтарындағы жұмыс процестерінің уақыт шығындарын хронометраж әдісімен өлшеу);

  4. Функцияларды талдау және оңтайландыру;

  5. Функциялардың орындалуын бағалау;

  6. Ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу.