Біріккен Ұлттар Ұйымының Гендерлік теңдік және әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері жөніндегі құрылымы (БҰҰ-Әйелдер)

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің орта білім беру саласындағы стратегиялық және бюджеттік бағдарламаларына гендерлік талдау жүргізу


Зерттеу мақсаты:

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің (БҒМ) орта білім беру саласындағы жоспарлау және бюджеттік құжаттарына гендерлік талдау жүргізу арқылы ұлдар мен қыздардың тең құқықтары мен қажеттіліктерін ескере отырып, орта білім беру саласында көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру.

Жүргізілген талдау нәтижелері негізінде қыздар мен ұлдардың құқықтары мен қажеттіліктерін тең дәрежеде ескеруге, сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдардың кемсітусіз қолжетімді білім алу құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге баса назар аудара отырып, гендерлік теңдік жөніндегі ұлттық саясатты іске асыру шеңберінде орта білім беру саласындағы ұлттық деңгейдегі жоспарлау және бюджеттеу жүйесін жетілдіру бойынша қорытынды ұсынымдар мен іс-шаралар жоспары әзірленді.


Орындалған міндеттер:

1. Гендерлік талдау жүргізу тұжырымдамасы мен жұмыс жоспарын әзірлеу және ұсыну, оның ішінде жұмыстардың толық көлемін, орындалу кезеңдерін және қорытынды құжаттарды тапсыру мерзімдерін айқындау;

2. Орта білім беру саласындағы БҒМ мысалында орталық атқарушы органның жоспарлау және бюджеттік құжаттарына гендерлік талдау жүргізу әдіснамасын әзірлеу, оның ішінде мемлекеттік бағдарламаларда гендерлік аспектілердің ескерілуін және олардың гендерлік әсерін бағалау үшін COVID-19 пандемиясына байланысты төтенше жағдайға ден қою бюджетіне гендерлік талдау жүргізуді қамту;

3. Гендерлік талдауға қатысатын БҒМ-нің тиісті комитеттері мен департаменттерінің жауапты қызметкерлерін бекітілген әдіснаманың алгоритміне және талдау жүргізу тәсілдеріне оқыту;

4. Әзірленген әдіснама негізінде БҒМ-нің орта білім беру саласындағы жоспарлау және бюджеттік құжаттарына гендерлік талдау жүргізу;

5. Гендерлік аспектілерді ескере отырып, ішкі жоспарлар мен бағдарламаларды іске асыру тиімділігін арттыру және олардың халықаралық стандарттарға (оның ішінде ЭЫДҰ елдерінің тәжірибесіне) сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатында БҒМ-нің жоспарлау және бюджеттік құжаттарын жетілдіру бойынша нақты ұсынымдар мен іс-шаралар жоспарын әзірлеу;

6. Гендерге бағдарланған бюджеттеуді институционалдандыруды одан әрі қолдау мақсатында сарапшылардың, мемлекеттік органдардың, депутаттардың және қоғамдық институттардың қатысуымен жүргізілген гендерлік талдау нәтижелерін талқылау үшін «БҰҰ-Әйелдер» құрылымымен бірлесіп практикалық конференция ұйымдастыру және өткізу.