Жоба сипаттамасы
«Орта білім беруді жаңғырту» жобасын (бұдан әрі – Жоба) іске асыруды 2018 жылы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бастады.
2022 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 11 маусымдағы № 917 Жарлығына сәйкес Білім және ғылым министрлігі қайта ұйымдастырылғаннан кейін Жобаны іске асыру функциялары Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігіне берілді.
Жоба бастауыш және орта білім беру сапасын арттыруға және білім берудегі тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл ретте ауылдық және шалғай орналасқан мектептерге ерекше назар аударылады. Жоба педагог кадрларды даярлау, мұғалімдердің біліктілігін арттыру, сондай-ақ оқыту жағдайларын жақсарту жөніндегі шараларды қамтиды.
Зерттеу мақсаты
Осы консультациялық қызметтердің мақсаты – Жоба аясында көзделген іс-шараларды, олардың қысқа және орта мерзімді нәтижелерін жан-жақты бағалау арқылы Жобаның іске асырылуы мен тиімділігіне бағалау жүргізу, сондай-ақ Жобаның даму мақсаттарына (ЖДМ) және аралық нәтижелеріне қол жеткізілуін верификациялау.
Зерттеу міндеттері
1. Жобаның мақсатымен, жұмыс көлемімен, есептерімен, нәтижелер жүйесімен және өзгерістер теориясымен танысу;
2. Мониторинг және бағалаудың (бұдан әрі – МжБ) егжей-тегжейлі жоспарын, бағалау әдіснамасын және деректерді жинау жоспарын әзірлеу. Бұл жұмыс негізгі стратегиялық құжаттарға кабинеттік талдау жүргізуді, сондай-ақ сауалнамаларды қоса алғанда, сандық және сапалық деректерді жинауды қамтиды;
3. Жоба іс-шараларының екі кезеңдегі (2019–2022 жылдар және 2023 жылдан бастап Жоба аяқталғанға дейін) іске асырылуын және оның жалпы нәтижелілігін, оның ішінде мерзімдерді, бюджетті және ресурстарды пайдалануды бағалау. Бағалау мынадай өлшемшарттар бойынша жүргізіледі: Жоба іс-шараларының өзектілігі, нәтижелілігі, тиімділігі және орнықтылығы;
4. Жобаның нәтижелер жүйесінде белгіленген көрсеткіштерге қол жеткізілуіне мониторинг жүргізу және бағалау. Жоба аясында іске асырылған және іске асырылып жатқан келісімшарттар бойынша орындалған жұмыстар туралы есептерді қарау және талдау арқылы ЖДМ мен аралық нәтижелерге қол жеткізілуін верификациялау;
5. Жобаның жетістіктерін, оның мүдделі тараптар мен бенефициарларға әсерін, сондай-ақ туындаған мәселелерді, озық тәжірибелер мен алынған сабақтарды құжаттау. Бұл Жоба аясында жүзеге асырылған іс-шаралардың ЖДМ-ға қол жеткізуге қалай және қандай дәрежеде ықпал еткенін бағалауды қамтиды;
6. Жобаның нәтижелілігі мен орнықтылығына әсер еткен негізгі факторларды талдау;
7. Екі семинарды ұйымдастыру және өткізу:
(1) алдын ала қорытындылармен бөлісу, оларды талқылау және растау, сондай-ақ мүдделі тараптардан кері байланыс алу мақсатында аралық семинар өткізу;
(2) бағалау аяқталғаннан кейін МжБ нәтижелері мен ұсынымдарын таныстыру мақсатында дөңгелек үстел форматында қорытынды семинар өткізу.