Халықаралық көші-қон ұйымы

Орталық Азиядағы кәсіби дағдыларға негізделген көші-қонды зерттеу


Жоба сипаттамасы

Зерттеу көші-қон жағдайында кәсіби дағдыларға деген сұранысты болжау, дағдыларды дамыту, олардың еңбек нарығының талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету және оларды тану мәселелерін талдауға бағытталған. Сонымен қатар, зерттеу аясында дағдыларды дамыту мен танудың ұлттық жүйелері, құрылымдары және қолданыстағы тәжірибелері қарастырылып, тиісті ұсынымдар әзірленеді.

Зерттеу сондай-ақ еңбекші мигранттардың шыққан және баратын елдерінде білім беру қызметтеріне, дағдыларын дамыту және тану мүмкіндіктеріне қол жеткізу барысында кездесетін нақты қиындықтарды анықтауға бағытталған.

Өңірлік зерттеу мигранттардың шыққан елдері ретінде Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстанды, ал баратын елдері ретінде Қазақстан мен Түркияны қамтиды.


Зерттеу міндеттері:

1. Кәсіби дағдыларға негізделген көші-қон тұрғысынан дағдыларға деген сұранысты болжау және оларды дамыту саласындағы ұлттық жүйелерді, құрылымдарды, саясатты және нормативтік-құқықтық реттеуді зерделеу және талдау;

2. Дағдылардың еңбек нарығы талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету саласындағы қолданыстағы заңнаманы, бастамалар мен проблемаларды талдау, сондай-ақ дағдылардың сәйкессіздігіне қатысты негізгі мәселелерді анықтау;

3. Еңбекші мигранттардың біліктілігі мен дағдыларын тану саласындағы қолданыстағы тәжірибелер мен бастамаларды талдау, сондай-ақ дағдыларды танудың қолданыстағы нормалары мен тәжірибелерін анықтау және бағалау;

4. Еңбек көші-қонының әртүрлі кезеңдерінде, оның ішінде көші-қон алдындағы бағдарлау, жұмысқа орналасуға дайындық және жұмысқа қабылдау процестерінде кәсіби дағдыларға қатысты мәселелерді ескеруге бағытталған бастамаларды анықтау және талдау;

5. Біліктілігі төмен және ортадан төмен біліктілік деңгейіне ие мигранттардың еңбек ұтқырлығына кедергі келтіретін тосқауылдарды анықтау;

6. Мигранттардың шыққан және баратын елдеріндегі тиісті мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ) және жеке жұмыспен қамту агенттіктерінің өкілдерімен сұхбат жүргізу.