Жоба мақсаты
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауын және Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан – бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» атты сайлауалды бағдарламасын ескере отырып, жаңа Салық кодексінің тұжырымдамасы мен жобасына ұсыныстар әзірлеу.
Жоба міндеттері:
1. Салық құпиясының сақталуын қамтамасыз ете отырып, салық түрлері, кәсіпорындардың мөлшері және қызмет түрлері бойынша жинақталған салық деректерінің базасын қалыптастыру;
2. Салық жүктемесінің деңгейін (айналымға және салық салынатын табысқа қатысты), оның ішінде экономика салалары мен салық төлеуші кәсіпорындардың мөлшері бойынша талдау;
3. Салықтардың жиналу серпінін, оның ішінде салық түрлері бойынша талдау, сондай-ақ ЭЫДҰ және ЕАЭО елдерімен халықаралық салыстырмалы талдау жүргізу;
4. Бюджет шығыстарын қаржыландыру қажеттіліктерін ескере отырып, салық түсімдерін болжау үшін негізгі бюджеттік параметрлерге болжам жасау;
5. Салықтардың, алымдардың және басқа да міндетті төлемдердің толық тізбесін айқындау, сондай-ақ олардың әрқайсысының ықтимал фискалдық рөлін бағалау;
6. ЭЫДҰ және ЕАЭО елдерінің салық салу жүйелерін және оларды реформалау тәжірибесін талдау;
7. Ірі бизнеске салық салу тәсілдерін әзірлеу;
8. Жеке тұлғалардың табыстары мен мүлкіне салық салу тәсілдерін әзірлеу.