Зерттеу мақсаты:
Қазақстан Республикасының мұнай-газ саласындағы ақпараттық жүйелерді әзірлеу және сүйемелдеу қызметтері нарығындағы бәсекелестіктің даму деңгейін зерттеу (бәсекелестіктің жай-күйін талдау).
Зерттеу міндеттері:
Сараптамалық қорытындыны (есепті) дайындау және оны кейіннен Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінде (бұдан әрі – БҚДА) сүйемелдеу.
1. Қазақ КСР мен Қазақстан Республикасының мұнай-газ саласындағы ақпараттық жүйелерді әзірлеу және сүйемелдеу қызметтері нарығының қалыптасу тарихын, даму кезеңдерін және қазіргі жағдайын талдау;
2. Мұнай-газ саласындағы тиісті қызметтер нарығының сыйымдылығын бағалау;
3. Қазақстан Республикасының мұнай-газ саласындағы тиісті қызметтер нарығында жұмыс істейтін отандық және шетелдік субъектілерді бөліп көрсете отырып, олардың сандық және сапалық құрамын талдау, оның ішінде мынадай мәліметтерді қамту:
Құрылған жылы;
Қызмет бағыты;
Қызметкерлердің саны мен біліктілік құрамы (мүмкіндігінше);
Материалдық-техникалық базасының құрамы мен жай-күйін бағалау (мүмкіндігінше);
Соңғы бес жылдағы нарық көлемі;
4. Қазақстан Республикасының мұнай-газ саласындағы тиісті қызметтер нарығында нақты бәсекелестіктің бар-жоғын анықтау мақсатында нарық субъектілерінің әлеуетін бағалау;
5. Қазақстан Республикасының мұнай-газ саласындағы тиісті қызметтер нарығының даму деңгейі мен бәсекелестік ортасының жай-күйіне баға бере отырып, қорытындылар әзірлеу;
6. Есепте «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС-нің БҚДА-ға жолдаған өтінішхатында көрсетілген қызмет түріне сәйкес келетін Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің (ҚР ҰЖ 03-2019) кодын көрсету;
7. Сараптамалық қорытындыны қолданыстағы әдістеменің қолдануға болатын ережелерін ескере отырып дайындау.