Жоба сипаттамасы:
Әлемдік қоғамдастықта әйелдер кәсіпкерлігіне мемлекеттік органдар тарапынан да, халықаралық ұйымдар тарапынан да ерекше назар аударылады. Әйелдердің жағдайын жақсарту мақсатында олардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған шаралар қабылдануда.
Әйелдер кәсіпкерлігін ынталандыру мақсатында кәсіпкер әйелдерге арналған лизинг түріндегі микроқаржыландыру бағдарламасын әзірлеу арқылы қолдау құралдарын кеңейту ұсынылады. Осы мақсатта Қазақстандағы қолданыстағы лизингтік қаржыландыру бағдарламаларына шолу жасау, сондай-ақ кәсіпкер әйелдерге арналған лизингтік қаржыландыру бағдарламасын әзірлеу мүмкіндіктері мен шарттарын талдау көзделген.
Зерттеу әдісі: Ашық дереккөздерден ақпарат жинау, оны жүйелеу және талдау негізінде жүргізілген кабинеттік зерттеу.
Орындалған міндеттер:
1. Кәсіпкер әйелдерге арналған лизингтік қаржыландыру бағдарламасын әзірлеу мүмкіндіктері мен шарттарын талдау:
Қазақстандағы қолданыстағы лизингтік қаржыландыру бағдарламаларын талдау;
Кәсіпкер әйелдерге арналған лизингтік қаржыландыру бағдарламасын әзірлеу үшін SWOT-талдау жүргізу.
2. Қазақстан Республикасындағы кәсіпкер әйелдерге арналған лизингтік қаржыландыру бағдарламасын әзірлеу:
Бағдарламаны қаржыландыру көздерін (республикалық бюджет, микроқаржы ұйымдарының ресурстары, жеке қаражат) айқындау;
Кәсіпкер әйелдерге лизингтік қаржыландыруды жүзеге асыратын операторды айқындау;
Кәсіпкер әйелдерге лизингтік қаржыландыру ұсынудың негізгі шарттарын (лизинг нысанасы, лизинг мерзімі, сыйақының номиналды мөлшерлемесі, аванстық төлем және т.б.) айқындау;
Кәсіпкер әйелдерді лизингтік қаржыландыру тетігін әзірлеу және ұсыну, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы кәсіпкер әйелдерге арналған лизингтік қаржыландыру бағдарламасының жобасын дайындау.