Экономиканың «әйелдер» салаларында әйелдер кәсіпкерлігін ынталандыру мақсатында қолдау құралдарын кеңейту ұсынылды. Осы құралдарды әзірлеу үшін Қазақстандағы әйелдер кәсіпкерлігіне талдау жүргізіліп, әйелдер кәсіпкерлігін қолдаудың қолданыстағы шаралары мен халықаралық тәжірибеге шолу жасалды.
Зерттеу әдісі:
Кабинеттік зерттеу. Зерттеу ашық дереккөздерден ақпарат жинау, оны жүйелеу және одан әрі талдау негізінде жүргізілді.
Қазақстандағы әйелдер кәсіпкерлігінің қазіргі даму жағдайын талдау:
Әйелдер кәсіпкерлігін дамытудың басым бағыттарын (бұдан әрі – «әйелдер» салалары) айқындау;
Қазақстандағы әйелдер кәсіпкерлігінің соңғы 2–3 жылдағы даму динамикасын талдау;
Әйелдер кәсіпкерлігін қолдаудың қолданыстағы шараларын талдау.
Экономиканың «әйелдер» салаларын қолдау құралдарын талдау:
«Әйелдер» салаларын қолдаудың оң халықаралық тәжірибесін талдау;
Халықаралық тәжірибені талдау негізінде Қазақстандағы экономиканың «әйелдер» салаларын қолдау құралдары бойынша ұсынымдар әзірлеу.