Жоба сипаттамасы:
«Бір ауыл – бір өнім» (БАБӨ) жобасы жергілікті басқарудың тиімділігін арттыру және адами ресурстарды дамыту арқылы ауылдық қауымдастықтардың шығармашылық әлеуеті мен мүмкіндіктерін жандандыруға және оларды дамытуға бағытталған.
Жоба мақсаты:
Нарықта сұранысқа ие бірегей өнімдерді әзірлеу арқылы жергілікті қауымдастықтардың экономикалық белсенділігін арттыру. БАБӨ жобасының жалпы мақсаты – жергілікті жерлердің орнықты дамуын қамтамасыз ету және кедейлік деңгейін төмендету үшін қауымдастықтардың өзін-өзі ұйымдастыру әлеуетін дамыту және нығайту.
Жоба үздік халықаралық тәжірибелерді қолдану және жергілікті ресурстарды пайдалана отырып, бірегей өнімдер жасау үшін ауыл тұрғындарының ынтымақтастығын дамыту негізінде іске асырылды. БАБӨ жобасының тұжырымдамасы өңірлердегі ең перспективалы жобаларды анықтауға, қолданыстағы өндірістерді толықтыруға және жергілікті шағын және орта бизнестің (шаруа қожалықтары, өндірістік кәсіпорындар және т.б.) қолданыстағы қосылған құн тізбектеріне интеграциялануға негізделген.
БАБӨ жобасын тұрақты жұмыс орындарын құруға және табысты іске асырылған жобаларды басқа өңірлерге таратуға ықпал ететін қосымша құрал ретінде қарастыруға болады. Осыған байланысты осындай жобаларды болашақта бизнесті қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларына енгізу ұсынылуы мүмкін.
Орындалған міндеттер:
1. БАБӨ пилоттық жобасын іске асыруға дайындық шаралары:
Төрт пилоттық өңірде Орындаушының қызметкерлері мен Іскер әйелдер кеңестерінің өкілдерінен жобалық топ құрылды;
Төрт пилоттық өңірді кешенді бағалау негізінде кабинеттік зерттеулер жүргізілді;
Төрт өңірден БАБӨ пилоттық жобасына қатысу үшін өтінімдер іріктелді;
Төрт облыста өнім түрін анықтау және оның сипаттамаларын негіздеу үшін сауалнама әзірленіп, жүргізілді (әр облыста 50 респондент);
БҰҰ Даму бағдарламасының (БҰҰДБ) жоба менеджерімен келісе отырып, БАБӨ жобасын іске асыру үшін төрт пилоттық жоба (әр облыстан бір жоба) таңдалды.
2. БАБӨ жобасына қатысушылардың дағдыларын дамыту: