Проекты Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

Бюджет шығыстары: циклдік күйзелістер және фискалдық мультипликаторлар


Зерттеу мақсаты:

Экономикалық циклдің әртүрлі фазаларында мемлекеттік шығыстар күйзелісінің Қазақстанның экономикалық өсуіне әсерін өлшеу үшін фискалдық мультипликаторды бағалау, сондай-ақ елдің жалпы фискалдық (бюджет-салық) саясатын талдау.

Зерттеуде мемлекеттік шығыстардың халықтың әл-ауқатына әсер ету тетіктеріне қосымша назар аударылды. Зерттеу нәтижелері талданған жекелеген кезеңдердегі бюджет-салық саясатының проциклдік сипаты туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Салық және Бюджет кодекстерімен айқындалатын, елдің фискалдық саясатының тиімділігін шектейтін институционалдық факторлар жөнінде қорытындылар жасауға мүмкіндік береді.


Зерттеу міндеттері:

1. Фискалдық мультипликаторды бағалау әдістеріне шолу жасау, үздік тәжірибелерді анықтау және олардың Қазақстан жағдайында қолданылу мүмкіндігін негіздеу;

2. Макроэкономикалық көрсеткіштер мен мемлекеттік бюджет көрсеткіштері бойынша уақыттық деректер қатарларын қалыптастыру;

3. Бюджет шығыстарына эконометрикалық талдау жүргізу үшін сандық индикаторларды айқындау;

4. Бюджет шығыстарының экономикалық өсуге әсерін бағалау әдіснамасын әзірлеу;

5. Таңдалған модель негізінде экономикалық цикл фазаларын ескере отырып және оларды ескермей, фискалдық мультипликаторға сандық бағалау жүргізу және алынған нәтижелерге салыстырмалы талдау жасау;

6. Бөлінген қаражаттың экономикалық өсуге әсерін салыстыруға мүмкіндік беретін фискалдық күйзелістің ықпалын бағалаудың қайта қолдануға болатын әдіснамасын әзірлеу.