Зерттеу мақсаты:
Халықтың, экономиканың және мемлекеттің тасымалдауға деген қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында Қазақстан Республикасының теміржол көлігін дамытудың 2029 жылға дейінгі бағдарламасының жобасын әзірлеу.
Зерттеу міндеттері:
1. Ағымдағы жағдайға кешенді талдау жүргізу, оның ішінде институционалдық және нормативтік-құқықтық ортаны, инфрақұрылымның жай-күйін, Ұлттық теміржол компаниясының және жалпы саланың қаржылық жағдайын талдау;
2. Халықаралық тәжірибені талдау, оның ішінде әлемдік деңгейдегі теміржол көлігін дамытудың заманауи үрдістері туралы деректерді жинау және зерделеу, тиімділік пен қауіпсіздікті арттырудың табысты мысалдарын қарастыру, теміржол тасымалдары нарығын ырықтандырудың және бәсекелестікті ынталандырудың әлемдік тәжірибесін зерттеу, сондай-ақ ұлттық теміржол саласының ерекшеліктерін ескере отырып, халықаралық тәжірибені бейімдеу және енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу;
3. Қазақстанның экономикалық дамуының стратегиялық мақсаттарына сәйкес келетін теміржол көлігін дамытудың негізгі бағыттарын айқындау, оның ішінде жаһандық үрдістер мен ұлттық мақсаттарды ескере отырып, саланы дамытудың басымдықтарын белгілеу;
4. Инфрақұрылым мен жылжымалы құрамды жаңарту және дамыту қажеттіліктерін айқындау, сондай-ақ халықаралық тәжірибені ескере отырып, оларды іске асыру тетіктері бойынша нақты ұсыныстар әзірлеу;
5. Саладағы бәсекелестікті ынталандыруға бағытталған нақты шараларды айқындау, оның ішінде қолайлы бәсекелестік ортаны қалыптастыру үшін теміржол тасымалдары нарығын реттеудің халықаралық модельдерін талдау, жүк теміржол тасымалдары нарығын одан әрі ырықтандыру тетіктерін әзірлеу және жаңа қатысушылардың негізгі инфрақұрылымдық қуаттарға тең қол жеткізуі үшін жағдай жасау;
6. Жетекші елдерде табысты қолданылып жүрген инновациялық технологиялар мен цифрлық шешімдерді енгізу әлеуетін айқындау, инновацияларды ынталандыру және тұтынушыларға қызмет көрсету процестеріне цифрлық технологияларды енгізу бойынша шаралар әзірлеу;
7. Теміржол тасымалдарының қауіпсіздігі мен сапасын арттыруға бағытталған шараларды айқындау, оның ішінде қауіпсіздік пен қызмет көрсету сапасының халықаралық стандарттарын бейімдеу, тасымалдау процесінің негізгі қатысушыларының, атап айтқанда, Ұлттық инфрақұрылым операторының, жүк және жолаушылар тасымалдаушыларының қызмет тиімділігін бағалау көрсеткіштерінің жүйесін әзірлеу, сондай-ақ осы деректердің қызмет тұтынушылары үшін ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету шараларын ұсыну;
8. Бағдарламаның іске асырылуына мониторинг жүргізу және оның орындалуын бағалау, оның ішінде Бағдарламаны іске асыру тиімділігін бағалау көрсеткіштерінің жүйесін әзірлеу, нақты мерзімдер мен жауапты орындаушыларды айқындай отырып, іске асыру кезеңдерін жоспарлау.