Зерттеу мақсаты:
Қазақстан Республикасының баламалы көлік бағыттарын дамытуға қатысу пайымын қалыптастыру.
Зерттеу міндеттері:
1. Жаңа геосаяси жағдайларда Қазақстан инфрақұрылымын пайдалана отырып, ел экономикасының (экспорт, импорт) және көршілес мемлекеттердің қажеттіліктерін қамтамасыз ететін көлік дәліздерінің архитектурасына қатысты тұжырымдамалық пайым қалыптастыру;
2. Тұжырымдаманы іске асырудың жол картасын әзірлеу.
Зерттеу құрылымы:
1. Ағымдағы жағдайды талдау: Ішкі және сыртқы жағдайды геосаяси, нарықтық, географиялық және салалық тұрғыдан талдау. Тәуекелдерді анықтау, олардың салдарын бағалау және баламалы көлік дәліздерін дамыту арқылы осы тәуекелдерді төмендету мүмкіндіктерін айқындау;
2. Даму пайымын әзірлеу: Жаңа геосаяси жағдайларда Қазақстан инфрақұрылымын пайдалана отырып, ел экономикасының (экспорт, импорт) және көршілес мемлекеттердің қажеттіліктерін қамтамасыз ететін көлік дәліздерінің архитектурасын тұжырымдамалық тұрғыдан әзірлеу (әріптестікті институционалдандыру, реттеу және басқару, операциялық және бизнес-талаптар);
3. Жол картасын әзірлеу: Мемлекеттер, салалық реттеушілер, оператор компаниялар және инфрақұрылым иелері деңгейінде интеграциялық және жобалық бастамаларды іске асырудың жол картасын қалыптастыру;
4. Қорытынды.